ШҚО-да 9 айда ауыл тұрғындарын стационарларда емдеуге 2 млн қызмет атқарылды

313
көрілім

Соңғы жылдары ауылдық медицинаны дамытуға басты назар аударылуда. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізудің арқасында ауыл тұрғындары үшін медициналық көмекті қаржыландырудың көлемі артты. 

Жалпы Республика бойынша 2021 жылы ауыл тұрғындарын стационарлық емдеуге 121 млрд теңге қарастырылған, оның 72,2 млрд теңгесі МӘМС аясында. 9 айдың қорытындысы көрсеткендей ТМККК және МӘМС бойынша ауылдық медициналық ұйымдар көрсеткен стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда көрсетілген қызметтердің құны 88,6 млрд теңгені құрады.
Шығыс Қазақстанға келер болсақ, облыстық ӘМСҚ филиалы хабарлауынша ағымдағы жылдың 9 айында ауыл тұрғындарына әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы 2 млн астам қызмет көрсетілді. Әлбетте, Қордың ең басты мақсаты медициналық көмек қол жетімді болуы керек. 
«Ауыл тұрғындарының денсаулығын сақтау үшін медициналық көмектің көлемін жоспарлау кезінде географиялық алыстығы, халықтың тығыздығы, демографиялық көрсеткіштері, жыныстық-жастық құрамының ерекшеліктері және медициналық көмектің қолжетімділігіне әсер ететін өзге де өлшемшарттар ескеріледі.Бұл ретте бізге жылжымалы медициналық кешендердің үлкен көмегі тиіп отыр. Жылжымалы медициналық кешендер-бұл қажетті медициналық жабдықтармен жабдықталған доңғалақты клиникалардың бір түрі болып табылады. Олар аудандық ауруханаларға бекітіліп, жергілікті тұрғындарға қызмет көрсету мақсатында, ауылдық округтерге шығады.  Қызметтер арасында ең көбі медициналық кеңес беруге  қабылдау болып табылады (қызметтердің жалпы санының шамамен 75%-ы). Сонымен қатар, зертханалық зерттеулер, ЭКГ, ультрадыбыстық зерттеу, рентген қызметтерін де осы санаттан көруге болады», — деп атап өтті өз сөзінде ШҚО ӘМСҚ Филиалы медициналық қызмет сапасын қадағалау бөлімі басшысы Гулмира Қонысбаева.
Сайып келгенде, ағымдағы жылдың 9 айында Шығыс Қазақстанда доңғалақтағы медициналар 214 елді мекенде болып, 33 мыңнан астам адамды қамтып ,152 млн астам теңгеге 74 мың қызмет көрсетті. 
Егер сізде елді мекендегі медициналық көмектің қолжетімділігі жөнінде сұрақтар туындаған жағдайда, сіз өз облысыңыздың денсаулық сақтау басқармасына жүгіне аласыз. Егер мәселені шешу мүмкін болмаса, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына сізге ыңғайлы байланыс арнасы арқылы хабарласуға болады: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Telegram-дағы 24/7 Qoldau және SaqtandyryBot мобильді қосымшасы.