ШҚО-да «Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» атты адалдық сағаты онлайн форматта өтті

301
көрілім

Жастар арасында парасаттылық идеологиясын насихаттау және терең білімнің маңыздылығын түсіндіру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен тоқсан сайын «Адалдық сағаты» республикалық акциясы өткізілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қалыптасқан жағдайда «Адалдық сағаты» дәстүрлі түрдегі кездесулердің орнына онлайн форматта өтті. Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына орай онлайн дәрістің тақырыбы «Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» деп бекітілді. Дәріс жас ұрпақты әділ, әрі парасатты болуға шақырған ұлы ойшылға арналды.

Президент Қ.Тоқаев өзінің «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында: «Абайды білу – өзіңді тану. Өзін-өзі тану және адамның тұрақты дамуы, ғылым мен білімнің басымдығы – жетілудің көрінісі. Бүгінде Абайдың сөзі жас ұрпақтың бағдары болуы тиіс», – деп атап өтті.

Аталған акция аясында облыс бойынша жоғарғы оқу орындары және колледждердің 1-курс студенттері мен 9-11 сынып оқушылары қамтылды. Бейне-дәрістер екі тілде республикалық «EL ARNA» және «Balapan» телеарналары, ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің, «Шығыс – Адалдық алаңы», ақпараттық-ағарту штабының әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы көрсетілді.

Сондай-ақ «AntikorLive» жобасы аясында ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Жігер Байділдиннің төрағалығымен онлайн дәрісті превенция және парасаттылық басқармасының ұжымы қарады. Департамент басшылығының мамандары қоғамда парасаттылық идеологиясын насихаттау бойынша Агенттікпен жүргізілетін жүйелі жұмыстар өз жалғасатынын жеткізді.