ШҚО-да «Агат» лақап атты қызметтік ит жыл басынан бері 11 қылмысты ашуға көмектескен

313
көрілім

Шығыс Қазақстан облысында полицейлердің «Агат» лақап атты қызметтік иті 2020 жылдың басынан бері 11 қылмыстық істі ашуға көмектескен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

29 ақпан күні «102» каналына супермаркеттен ұрлық жасалғандығы туралы хабар түскен. Белгісіз біреулер терезені сындырып ішке кіріп, 500 мың теңгелік ноутбукты жымқырып кетіпті. Оқиға орнына бірден тәртіп сақшысы Қуаныш Бекпаев «Агат» лақап атты қызметтік итімен барған. Танауы сезгіш төрт аяқты көмекші полицейлерді сол маңайдағы жер үйге ертіп апарады. Осылайша ұрлық жасаған 3 ер адам ұсталған.

«Агаттың» көмегімен жыл басынан бері 11 қылмыстық іс ашылған. Оның ішінде 8 ұрлық, 1 тонау және 1 көлік айдап кету фактілері», - дейді облыстық Полиция департаменті Кинологиялық қызмет орталығының басшысы Өмірзақ Касаинов.