ШҚО-да алдағы 5 жылда 12 көпір жөнделеді

410
көрілім

Бұл жайлы облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» фракциясы депутаттарының отырысы барысында айтылды.  

- Жолдардың сапасы өңір халқын толғандыратын өзекті мәселе. Осыған байланысты таяудағы 5 жыл ішінде 2,5 мың км автожол мен 12 көпірге орташа жөндеу жүргізіледі.
Облыс бойынша тұрғын үй алу кезегінде 33,4 мың адам тұр, оның ішінде 2285 көп балалы отбасы. Бес жыл ішінде ауданы 923 мың шаршы метр болатын 405 – тен астам тұрғын үй салынады, - деп атап өтті өз сөзінде партияның облыстық филиалының төрағасы Даниал Ахметов.

Бұдан басқа, жол картасында Денсаулық сақтау нысандарын жөндеу және жабдықтау, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру, балабақшалар, мектептер, жатақханалар салу сияқты басқа да өзекті мәселелерді шешу қамтылған. 2025 жылға дейін бұқаралық спортты дамыту үшін жол картасы шеңберінде 11 дене шынықтыру-сауықтыру кешені және 6 спорт модулі салынады. Сондай-ақ облыс тұрғындары 100% сапалы ауызсумен қамтамасыз етіледі. Жалпы, 2021-2025 жылдарға арналған Жол картасында өңірімізді дамытудың нақты жоспарлары белгіленген.