ШҚО-да алғаш рет иық буынын имплантпен алмастыру отасы жасалды

307
көрілім

Аталған ота барысында өңір мамандары Франция елінде шығарылған иық имплантын пайдаланды.

Айта кету керек, ота қымбаттылығымен, әрі технологиялық жағынан өте күрделі болуымен ерекше. Бұл ретте пациенттің ем-домы толықтай МӘМС аясында жүргізілді. Орталықтың травматолог-ортопед дәрігері Дамир Сыдықовтың айтуынша, өңірде иық буындарынан жарақат алып, ота жасалуға тиісті азаматтар аз емес. Бірақ, бүгінгі күнге дейін олардың бірде-біреуіне имплантациялық ота жасалмаған. Себебі, күрделі отаны жасауға арнайы технологиялармен қоса, өте үлкен тәжірибе керек. Бүгінге дейін Семей қаласының жедел медициналық жәрдем ауруханасы политравма және ортохирургия орталығының мамандары эндопротездеу саласындағы заманауи емдеу әдістерін кезең-кезеңмен игеріп келген.

 «58 жастағы Семей қаласының тұрғыны Жедел медициналық көмек ауруханасына иық сүйек басының көпфрагментарды сынығымен шұғыл түрде жеткізілген. Біз тиісті зерттеулерден кейін науқастың иық буынын алмастыру операциясын жасауды ұйғардық . Алайда бүгінге дейін дәл осындай жарақатпен келген науқастарға сүйек үсті және сүйек ішілік остеосинтезі оталарын жасаумен шектелгенбіз. Енді біздің аурухананың облыс тұрғындарына қосымша ұсынатын тағы бір заманауи ота түрі бар, осындай емнің түрін көрсетуге дайынбыз», -  дейді.
Амақ тұрғыны Вера Каравайноваға жасалған бұл ота сәтті өтіп, бірнеше апта қалпына келтірудің бірінші кезеңінен өткен соң, денсаулығы түзеліп үйіне отабсына шығарылды.

«Маған жаңа иық салып берді деп батыл айта аламын. Адам өз өзіне қызмет етіп, керек жарағын өз қолымен істеуге мүмкіндіктен айрылғаны қиын ғой. Мені бірінші күннен бастап күтімге алып, көмектескен дәрігерлерге алғысымды айтамын медициналық сақтандыру жүйесі арқылы өткізілген ота қалтаңыздан еш тиын шығын шықпайды дегеде тіпті қуанышмды жасыра алмадым. Барлығына үлкен рахмет», — дейді Вера Каравайнова.