ШҚО-да «AMANAT» партиясы 1500- ден астам оқушыға оқуға қажетті құрал жабдықтар салынған сөмке табыстады

307
көрілім

15 тамызда бастау алған «AMANAT» партиясының «Бақытты отбасы» партиялық жобасы және «Мектепке жол» акциясы шеңберінде облыс көлемінде көпбалалы және аз қамтылған отбасыдан шыққан 1500-нан астам оқушыға қажетті құрал-жабдықтар салынған сөмкелер табысталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Осы ретте «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Дмитрий Сомов бүлдіршіндерді жаңа оқу жылымен құттықтады.

- Сіздерді жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Оқуда тек табыс, сәттілік тілеймін. Бұл біздің дәстүрлі іс-шарамыз. Жыл сайын осылай балаларды оқу жылы қарсаңында қуантып өз тарапымыздан қолдау білдіреміз, - деді ол.


Игі шараның негізгі мақсаты аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан балаларға қолдау білдіру. 10 жыл көлемінде дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан шараға депутатар, меценаттар, кәсіпкерлер, бастауыш партия ұйымдарының өкілдері және белсенді партия мүшелері үнемі қолдау білдіріп, демеушілік жасауда.
- Балаларды жаңа оқу жылына дайындау көпбалалы отбасылар үшін оңай емес. Осындай кезде «Мектепке жол» акциясы біз үшін үлкен көмек. Қазіргі таңда бір баланың киім кешегімен оқуға қажетті құрал жабыдықтарын сатып алудың өзі қомақты қаражатты қажет етеді. Көпбалалы ата-ана ретінде осы игі шараны ұйымдастырушыларға ризашылығымды білдіремін, - деді Өскемен қаласының тұрғыны, көпбалалы ана Гүлжан Нукежанова.