ШҚО-да «Ауыл аманаты» жобасының өкілдері ауыл тұрғындарымен кездесуде

7523
көрілім

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың тапсырмаларын және «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасының» кешенді жоспарын орындау мақсатында «AMANAT» партиясының жанынан «Ауыл аманаты» жобасы іске асырылуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жобаның шарттары – халыққа 2,5% мөлшерлемесінде несие беру арқылы ауылдық округтегі кәсіпкерлікті кешенді дамыту және оларға қызмет көрсететін сервистік-дайындау кооперативін құру.
«Ауыл аманаты» жобасының өкілдері ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап Шығыс Қазақстан облысының шалғай ауылдарында болып  ауыл тұрғындары арасында кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізетін болады.


- Ұлан ауданына қарасты Бозанбай және Тарғын ауылдарының тұрғындарымен кездестік. «Ауыл аманаты» жобасына қатысты тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтардың басым бөлігі 2,5% мөлшерлемесінде несие алу бойынша кепілдікке қойылатын жылжымайтын мүлікке байланысты және шағын кооперация құру бойынша болды.  Жалпы, жобаның негізгі мақсатын жан-жақты талдап түсінірген кезде тұрғындар қызығушылық танытып, өздерінің ұсыныстарын айтып ойларында жүрген идеяларымен бөліуде, - дейді «Ауыл аманаты» жобасына бойынша бизнес-тренер Жұмагүл Макашева.


Еске салар болсақ, жобаның бірінші бөлігінде  Президент Қ. К. Тоқаевтың 2022 жылдың 11 қаңтарында ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында берген тапсырмаларын орындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 14 сәуірдегі № 218 қаулысымен бекітілген халықтың табысын арттыру бойынша тақырыптар талқыға салынған болатын. Сонымен қатар Мемлекет басшысының 2025 жылға дейінгі бағдарламасын іске асыру мақсатында «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы 2022 жылғы 11-20 шілде аралығында ауыл және ауылдық округ әкімдерін оқытуды ұйымдастырды.

Оқуға Шығыс Қазақстан және Абай облысы бойынша 240 аулдық округтің әкімдері қатысты.