ШҚО-да бес көпір жөнделіп жатыр

260
көрілім

Бұл жөнінде облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрбек Тұраров «ANTIKOR» аумағында өткен жиында мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Осы уақытқа дейін жолдарды жөндеуге қатысты 45 жоба аяқталыпты. Одан бөлек, инфрақұрылымды дамыту мақсатында Шығыс Қазақстан екіге бөлінбей тұрып, 75 жоба іске асырылып бастаған. 245 шақырым жол жөнделуде.

– 45 жоба аяқталды дедік, бұл 134 шақырым көше жолдары. Қазан айының соңына дейін тағы 20 жоба аяқталмақ. Қалғаны келер күннің еншісінде. Бес көпір жөнделіп жатыр. Нақты айтсақ, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Глубокое ауданында екі, Риддерде екі көпір жөнделіп жатыр. Осы төрт көпір биылдан қалмай жөнделіп бітеді. Қаржы бекітіліген, мердігер компаниялардың келісімшарттары бар, – деді Нұрбек Еркінұлы.

Тағы бірі, көпшілікке белгілі, Бұқтырма су қоймасы арқылы салынып жатқан көпір.