ШҚО-да бірегей археология музейі ашылады

11371
көрілім

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында бірегей археология музейі ашылмақ, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Бестерек ауылында бой көтеретін жаңа музейдің құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Бұл елді мекен кездейсоқ таңдалған жоқ. Өйткені дәл осы жерде атақты қазақстандық археолог Зайнолла Самашев дүниеге келген.

 

«Археология саласында сенсациялық жаңалықтар ашқан Зайнолла Самашев Берел қорғандарынан, Елеке сазы жайлауынан және Ақбауыр шатқалынан табылған бірегей олжалармен көпке танымал. Ол Шығыс Қазақстандағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының дамуына зор үлес қосып келеді. Осы сирек жәдігерлермен қалың жұртшылықты таныстыру үшін музей салу туралы шешім қабылданған», - деді Ұлан ауданының әкімі Ренат Құрмамбаев.

Сондай-ақ бұл археология музейі ғалымдардың семинарлар мен кездесулер өткізетін, ғылыми жұмыстарын ұсынатын орынға айналмақ. Музей құрылысына биыл 170 миллион теңге қаражат бөлінген.