ШҚО-да бірқатар спорттық клубтар мен медициналық мекемелер жеке меншікке өтті

634
көрілім

Шығыс Қазақстанда 2016 жылы мемлекетке қарасты 14 кәсіпорын жекешелендірілді. Бұл туралы ШҚО ақпараттық орталығында баспасөз мәслихатын өткізген мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасының басшысы Нұрлан Можанов мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Басқарма басшысының айтуынша, жекешелендірілген кәсіпорындардың ішінде Семей қаласының Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері орталығы КМК, «Алтай» волейбол клубы, Дене шынықтыру және сауықтыру орталығы, ШҚО протезді-ортопедиялық орталығы, «Өскемен – Тазалық» КМК (51 пайыз) мен «Нарын – сервис» ЖШС (Катонқарағай ауданы) бар. Сонымен қатар, Көкпекті ауданындағы «Дархан» клубы мен Өскемен қаласының Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері орталығы КМК, ШҚО Талдау және болжау институты, «Семей автовокзал» ЖШС және тағы төрт кәсіпорын жекешелендірілген.