ШҚО-да биыл 3132 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды

109
көрілім
Шартты фотосурет

2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап әлеуметтік қолдау органдары отбасы құрамы, табыс деңгейі, тұрғын үйдің болуы және тағы басқасы бойынша деректерді талдау арқылы әлеуметтік төлемдердің әлеуетті алушыларды анықтамақ. Қандай да бір жәрдемақыға құқығы бар отбасыларға SMS-хабарлама жіберіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бүгінде ШҚО-ның барлық мұқтаж азаматтары мемлекеттен алатын көмек түрлері туралы біле бермейді. 2023 жылдан бастап әлеуметтік қызметтер әлеуетті алушыларды дербес анықтайтын болады.

– Бізде осы уақытқа дейін әлеуметтік төлемдердің өтініш беруші сипаты болды, ал енді оны анықтау мүмкіндігі туды, – деді ШҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының әлеуметтік төлемдер бөлімінің басшысы Бұлбұл Құсманова. – Бізде «Отбасының ақпараттық картасы» интеграцияланған деректер базасы құрылған. Оның мақсаты – өмірлік жағдайы қиын отбасыларды анықтау үшін құрал әзірлеу.

Іс жүзінде бұл қалай жүзеге асады? Отбасының әл-ауқатын бағалау экономикалық жағдайлар (отбасы бюджеті), тұрғын үй жағдайлары (тұрғын үй бар ма, жоқ па), денсаулық, әлеуметтік жағдайлар және білім беру сияқты критерийлер негізінде жасалады. Барлық отбасылар бес санатқа бөлінеді. Біріншісі – берекелі отбасылар; онда бюджеттің кіріс бөлігі, тұрғын үй сияқты барлық бес критерий бар. Қанағаттанарлық отбасылар, одан кейін түрлі дағдарыс пен келеңсіз жайттар жиі қайталанатын тұрмысы нашар отбасылар бар. Ең алдымен әлеуметтік органдар тұрмысы тұралаған отбасыларды анықтап, олармен мақсатты түрде жұмыс істейтін болады. Бұл жұмыс пилоттық режимде 2022 жылдың 1 қыркүйегінде басталды.

Қазақстанда әлеуметтік жәрдемақылардың бес түрі қарастырылған: бала туу, бала күтімі бойынша төлемдер, мүгедектігі бар бала күтімі үшін жәрдемақы, мүгедектігі бойынша жәрдемақы, жұмыссыздық бойынша жәрдемақы.

– Қыркүйекте барлық бес жәрдемақы проактивті форматта қолжетімді болады. Бұл нені білдіреді? – деп түсіндірді Бұлбұл Құсманова. – Ақпараттық жүйе арқылы осындай отбасылар туралы дыбыс алған соң, біз оларға: «Құрметті азамат! Сіз, мысалы, баланың тууына байланысты жәрдемақы алуға құқығыңыз бар. Тағайындалған соманы аудару үшін сізге ұсынылады...» деген сипатта SMS хабарлама жібереміз. Өтініш беруші банктердің, Қазпошта және т.б. бірін таңдауға тиіс. Егер ол келіссе, «Иә» деп жазады. Содан кейін ақпараттық жүйеде біз оны мәлімдеме ретінде қабылдап, онымен жұмыс істей бастаймыз. Егер адам «жоқ» деп жазса, онда бұл отбасымен жұмыс одан әрі жүргізілмейді.

Қазан айынан бастап дәл осындай сипатта асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдер, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерімен марапатталғандарға берілетін жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жүзеге асырыла бастайды. Қараша айынан бастап осындай тәсілмен зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жоспарлануда. Жобаны 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап толық көлемде іске қосу көзделіп отыр.

Әлеуметтік төлемдерден бөлек, осындай әдіспен мүгедектігі бар жандарға да заттай көмек алуға болады. Хабарламаны алған адам әлеуметтік қызметтер порталынан өзі диагнозымен және оңалтудың жеке бағдарламасымен қажетті құралды таңдай алады: есту аппараты, мүгедектер арбасы және т.б.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, бүгінгі таңда жаңадан құрылған Шығыс Қазақстан облысында төрт және одан да көп бала тәрбиелеп отырған 11078 көпбалалы отбасы бар. 2022 жылдың сегіз айында 3132 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды. Аудандар бөлінгеннен кейін мұндай көмекке мұқтаждар да азайды. ШҚО ЖҚҮҚБ мәліметтеріне сәйкес Абай облысында аз қамтылған отбасылар саны бір жарым есе көп. Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен төмен отбасылар саны 2022 жылғы III тоқсанда 30987 теңгені құрайды. Қазір мұндай жанұялар балаларға арналған кепілдендірілген әлеуметтік азық-түлік пакетін алады, оған Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен азық-түлік кіреді. Келесі жылдан бастап бұл пакет өзгертіліп, ақшалай түрде берілуі мүмкін. Қазіргі уақытта жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мемлекеттен көмек алуға құқығы бар 30 мыңға жуық отбасын анықтады. SMS-хабарламалар оларға қазан айында келе бастайды.

Азаматтардың мұқтаж санаттары әлеуметтік жәрдемақыларды алу үшін: ХҚКО, ЗТМО сияқты ескі тәсілмен және egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы өтініш бере алады.