ШҚО-да бүгінгі күнге қар көшкіні жүру қаупі жоқ

367
көрілім

Облысымызда қараша айынан бастап қар көшкіні қаупі басталады. «Қазселденқорғау» ММ ШҚ филиалының бақылаушылары күнделікті таудағы 24 маршрут бойынша қар жабынының жағдайы мен қардың жылжуын, таудағы ауа-райын қадағалап отырады, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Облысымызда барлығы 497 көшкін қауіпі бар ошақ тіркелген. Оның 336-сы объектілер мен адамдарға қауіп төндіреді. Осы орындарда 207 қар өлшейтін сырықтар орнатылған.

Көшкін жүру қауіпті маусымы басталғанша «Абайлаңыз,қауіпті қар көшкіні!» белгілері жаңартылып, қар ұстайтын қалқандар жөнделіп, қалпына келтірілді.

Қазіргі таңда таудағы қар біршама, биіктігі 25-тен 50 см дейін жетеді, алайды салмағы жеңіл.. Мамандардың пікірінше, қар көшкіні жүру қаупі жоқ. Былтырғы жылы бұл орайдағы алғашқы профилактикалық шаралар 22 қарашада басталып кеткен болатын, ол «Өскемен-Самар» тасжолында болған. Ол кезде 3 учаске тексеріліп, 6500 текше метр қар түскен еді.

Таудағы тұрақты жағдайға қарамастан «Казселденқорғау» ШҚ филиалының мамандары азаматтарға тауға барар алдында метеожағдайды қадағалау қажеттігін ескертеді, себебі көшкін қалың қар жауғаннан, аяздан соң жылымық кезде, қатты жел тұрғаннан кейін 3-5 күннен соң жүреді. Сол себепті қауіпті учаскелерден өткен кезде сақтық ережелерін сақтаңыздар!