ШҚО-да бұршақ жауады

282
көрілім
Шартты фотосурет

Бүгін елімізді бірнеше өңірінде бұршақ жауып, дауыл тұрады, еліміздің оңтүстік-шығысында нөсер жауын жауады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік-батыста, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады.
Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Бірнеше аймақта дауыл тұрады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-батысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Найзағай кезінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.