ШҚО-да демалыс күндері иіс тиген 3 адам мерт болды

138
көрілім
Фото:ultra-term.ru сайтынан

Тұрмыстық пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау салдарынан бірнеше қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
8 наурызда Ұлан ауданы Мамай Батыр ауылында 73 жастағы әйел көз жұмып, ал оның 51 жастағы ұлы ауруханаға жеткізілді. Анықталғандай, тұрмыстық пешті пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамау салдарынан улы газ шыққан.
Дәл осындай жағдай Шемонаиха ауданында 10 наурызда болды. Камышенка деген ауылда 1965 жылы туған әйел мен оның 35 жастағы ұлы көмірқышқыл газына тұншығып бақилық болған. 1986 жылы туған тағы бір ұлы ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Бұл оқиғаға пештің түтіндеуі себеп.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға пешті жылыту кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігі туралы ескертті.