ШҚО-да ер адам қойдың басын үйітемін деп денесінің 90 пайызын күйдіріп алған

254
көрілім

Сойылған қойдың басын үйітпек болған ер адам күйіп қалды. Оқыс оқиғаға ақауы бар күйдіру лампасы себепші болған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


ШҚО ТЖ басқармасының хабарлауынша, ақауы бар лампа күйдіру кезінде бензин буынан өртенген. Нәтижесінде тілсіз жау ер адамның киіміне шапшып жанып кеткен.
Қазіргі уақытта 39 жастағы еркек қатты күйіктен аса ауыр жағдайда ауруханада жатыр.
Айта кетейік, ШҚО-да өткен демалыста тағы осыған ұқсас жайт орын алған. Бесқарағай ауданында әйел адам өздігінен өртті сөндірмек болғанда қолдарын бірінші және екінші деңгейдегі күйік шалған. Соңынан өрт сөндіру қызметкерлері келіп өртті сөндірді. Дәрігерлерлердің емінен кейін жағдайы жақсарған әйел адам үйіне жіберілген.