ШҚО-да хоккейден Ішкі істер министірлігінің турнирі өтуде

89
көрілім
фото сурет автордікі


Облыс орталығында ҚР Ішкі істер органдарының бөлімшелері арасында бірнші шайбалы хоккейден турнир өтуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Борис Александров атындағы Спорт сарайында 26-28 наурыз күндері орган қызметкерлері арасында шайбалы хоккейден жарыс өтіп жатыр. Аталған шараға еліміздің түкпір-түкпірінен келген тәртіп сақшылары бақ сынасуда.
Мұз айдынындағы бәсеке басталмас бұрын спортшыларға концерттік бағдарлама ұсынылып, қаламызға белгілі өнерпаздар ән шырқап, би биледі. Құрметті қонақ ретінде келген ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, аймақ басшысының жылы сәлемін жолдады. Жарысты ең алдымен  жерлестерімізден құралған "Титан" командасы мен республикалық Ішкі істер министрлігнің спортшылары бастап берді.

ШҚО Полиция департаментінің арнайы және жұмылдыру басқармасы бастығы, полиция подполковнигі Досымбек Алтайбековтың сөзінше, Ішкі істер министрлігінің кубогіне арналған жарыс биыл бірінші рет ұйымдастырылып отыр.

- Турнирге республикамыздың жан-жағынан жиналған сегіз команда келіп қатысуда. Алдағы уақытта да бұл турнир жалғасын табады, - деді подполковник.

Қатысушы командалар басшылық құрамға жылы ықыластарын білдіріп, өз рақметтерін айтты. Алдағы уақытта да бұндай бас қосулар көптеп ұйымдастырылса екен деп өз тілектерін де жеткізді.

 

Нұрдәулет Қалибеков