ШҚО-да қандай жазғы демалыс лагерьлері бар?

538
көрілім
Шартты фотосурет

Жас құрақтай желкілдеген бүлдіршіндер мен оқушылардың оқу жылы аяқталмай жатып үш ай бойғы демалысын жоспарлай бастайтындықтары белгілі. Қалыптасқан қағида ғой, қалалықтар у-шудан ада елдімекендегі туыс-туғандарына, күнделікті күйбең тірліктен бір сәт бой сергітуді ойлаған ауыл қарадомалақтары қалаға қарай ағылады. Ал бұдан бөлек, бүлдіршіндер үшін түрлі демалыс лагерьлері де ұйымдастырылады. Бағалары әралуан. Осы ретте сайт тілшісі облыстық Білім басқармасына сұраухат жолдап, биыл аймақта балалар үшін қандай демалыс лагерьлері қызмет көрсететіндігін анықтап білген еді.

Бірінші кезекте карантин шараларына байланысты қандай да бір өзгерістердің енгізілгендігі, я жоқтығы жайлы ақпарат сұраған едік. Жауапты қысқа қайырды. Басқарма басшысы Сайрангүл Жұмаділованың айтуынша, сақтық шаралары барынша сақталып, кесел індеттің келіп жетпеуін болдырмау шаралары ұдайы бақылауда тұрады. Яғни сауықтыру лагерьлерінің алғышарты, шектеу шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңіне сәйкес жүзеге асырылады. Бұл ретте келерден бұрын ПТР тест тапсыру сынды талаптар жайлы айтылмады, дұрысы, лагерь өтетін жердегі басшылыққа қоңырау шалу қажет. Мұның барлығы төмендегі кестеде көрсетілген.

Жазғы демалыс лагерьлері

Аудан, қала атауы

Лагерь атауы

Орналасқан мекенжайы

Лагерьдің қабылдау маусымы

Бағасы

Байланыс нөмірлері

Өскемен қаласы

«Жігер» сауықтыру лагері

Алтай ауданы, Жаңа Бұқтырма кенті

11.06-18.06

21.06-28.06

02.07-09.07

12.07-19.07

21.07-28.07

30.07-06.08

09.08-16.08

18.08-25.08

36 000

87775194231

Өскемен қаласы

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми әдістемелік «Дарын» орталығы

Глубокое ауданы Фрунзе ауылдық округі Горная Ульбинка ауылы. Өскемен қаласы, Абай көшесі, 21

11.06-18.06

21.06-01.07

05.07-15.07

19.07-29.07

01.08-11.08

14.08-21.08

45 500-65 000

87051730266

Семей қаласы

«Радуга» сауықтыру лагері

Бесқарағай ауданы Глуховка ауылдық округі

16.06-27.06

30.06-11.07

14.07-25.07

28.07-08.08

11.08-22.08

Нақты белгіленбеген

87771502202

 

 

 

Семей қаласы

«Жас қанат»

Бесқарағай ауданы, Старая Крепость ауылы, Лесная көшесі, 1В үй

15.06-26.06

29.06-10.07

13.07-24.07

27.07-07.08

 

 

30 000

 

 

87075161281

Курчатов қаласы

«Берег»

Курчатов қаласынан 30 шақырым жерде, Семей-Курчатов тасжолы

 

 

20.06.-24.06

28.06-02.07

07.07- 11.07

16.07- 20.07

25.07-29.07

 

 

 

 

 

7 000

 

 

 

 

 

87225134746

 

 

 

Абай ауданы

«Атамекен» сауықтыру лагері

Абай ауданы Көкбай ауылы Көкбай 15

07.06-16.06

17.06-26.06

27.06-06.07

08.07-17.07 18.07-27.07

10 500

 

87225294110

 

 

 

Аягөз ауданы

«Тарлаулы» сауықтыру лагері

Аягөз ауданы, Тарлаулы ауылы К.Қадыржанов атындағы Қызылқияқ орта мектебі базасында

20.06-24.06

28.06-02.07

07.07- 11.07

16.07- 20.07

25.07-29.07

10 000

87233076240, 87786150861

Аягөз ауданы

«Балдәурен» сауықтыру лагері

Аягөз ауданы Тарбағатай ауылы «Тарбағатай ЖОББМ» КММ

20.06-24.06

28.06-02.07

07.07- 11.07

16.07- 20.07

25.07-29.07

10 000

87751554052

Әділхан ЕСІМХАНОВ

(Жалғасы бар)