ШҚО-да қар күтіледі

295
көрілім
Шартты фотосурет

Атмосфералық фронттардың әсері республиканың басым бөлігіне әсер ететіндіктен жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, жел күшейеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Республиканың батыс жартысы антициклон жотасының әсерінде болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Қостанай облысының солтүстігінде тұман, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Синоптиктер түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстік жартысында жаяу бұрқасын күтіледі деп болжауда.