ШҚО-да «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында мыңнан астам адам білім алды

246
көрілім

«Қарызсыз қоғам» жобасын іске асырып жатқан мамандар БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жиында ШҚО бойынша «Қарызсыз қоғам» жобасының менторы Ермек Жұмағұлов, «AMANAT» париясы ШҚОФ атқарушы хатшысының орынбасары  Аманбай Нұркенов және ШҚО қаржы басқармасының басшысы Светлана Большакова жобаның нәтижесімен бөлісіп, қойылған сауалдарға жауап берді.
- Алдағы уақытта студенттерді қаржылай сауаттылыққа оқыту оқу орындарда, колледждерде жүзеге асырылатын болады. Айта кету керек, курсқа қатысқандар жасы бойынша іріктеледі. 18 жастан жоғары адамдарды ғана тіркейміз. Оқу үрдісі 5 ақпанда  басталды. Өскеменде 201 адам , Шемонаихада 347 адам, Глубокое ауданында 290 адам курсты толықтай меңгеріп шықты,-дейді Аманбай Нұркенов.
19 ақпанда бұл жоба Зайсан ауданыда қолға алынып, 217 адам білім алды. 26 наурызда Ұлан ауданындағы халыққа білім бере бастады. Ал Тарбағатай ауданының тұрғындарын 1 сәуірден бастап қаржылай сауаттылықа үйрететін болады.
Курс басталғалы бері облыс бойынша 1055 адам білім алды. «Қарызсыз қоғам» курсын толықтай меңгеріп шыққандарға сертификаттар табысталды. Жоба аясында 6500 адамға қаржылай білім беру жоспарланып отыр.
«Қарызсыз қоғам» курсы елді мекендерге қашан жетпек? «Бұл мәселе жоспарға алынды, аудандармен бірлесіп шешетін боламыз. Арнайы оқытушы жіберу керек болса, әзірміз. Дегенмен қаржылай көмек те қажет», -  деді жоба өкілдері.
Қаржылық білімімді арттырамын дегендер  AMANAT партиясының кез келген филиалы арқылы немесе жергілікті ауылдық округтердің әкімдіктерімен байланыса алады. Бұдан бөлек, Qogamfin.kz сайтында тіркелуге болады.

Валентина ГЕОРГИЕВНА