ШҚО-да Қасым-Жомарт Тоқаев штабы өз жұмысын аяқтады

375
көрілім

Өскеменде Президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидаттығын қолдау мақсатында жүргізілген үгін-насихат жұмыстары қорытындыланды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


Нұр Отан партиясының ШҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әнуарбек Мұхтарханов штаб мүшелерінің аймақ көлемінде жүргізген кездесулеріне кеңінен тоқталды.

Айтуынша, қалалар мен аудандар көлемінде 27900-ге жуық адамды қамтитын 594 кездесу ұйымдастырылыпты. Басым көбі еңбек ұжымдарымен өткен.

– Жүргізген кездесулер барысында тұрғындар тарапынан ұсыныстар мен жылы лебіздерді естіген кездер де болыпты. Үгіт-насихат жұмыстарына еріктілер де ерекше ат салысты. Әсіресе Қасым-Жомарт Кемелұлының «BIRGE» атты акциясы халық көңілінен шықты. Соның негізінде, толтырылуға тиісті 60 мың бланка таратылып, 53 мың ұсыныс білдірілді, – деді Әнуарбек Мұхтарханов.

Сондай-ақ мамандар биыл сайлауға қатысатын тұрғындар саны әдеттегіден кем болмайды деп болжауда.