ШҚО-да Қазақстанның Бірінші Президенті Күніне орай Бірыңғай диктант күні өтті

404
көрілім

ҚР Бірінші Президенті Күніне орайластырылған Бірыңғай диктант күні 29 қарашада облыстың барлық мектептерінде өтті. Он-лайн тестілеуге облыстың 75 мектебінен 1000-нан астам оқушы қатысты.

Вilimvkoportal.kz білім беру порталына тіркелген әр оқушы, аудиофайлды тыңдап, компьютерде мәтінді теріп, сол сәтте нәтижесін алды. Тестілеудің қорытындысы бағалау парағында беріледі, онда оқушы жіберген қателіктер автоматты түрде көрсетіледі.

Диктант үш тілде өтті: облыстың дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерінің оқушылары ағылшын тілінде жазса, орыс тілді мектептері — мемлекеттік тілде, қазақ тілді мектептер — орыс тілінде жазды.

Диктанттың қорытындысына сәйкес, орыс тілі пәні бойынша білім сапасы 92,4%-ды құрады, қазақ тілі — 92,3%, ағылшын тілі — 93%.

Онлайн режиміндегі мұндай диктанттарды балалар өз бетінше жаза алатынын еске саламыз. Ол үшін http://dictant.bilimvkoportal.kz. Сілтемесі бойынша тіркелу қажет. Тестілеудің бағдарламасы өзін-өзі тексеруге, қатемен жұмыс істеуге негізделген. Мұндай тәжірибе өзінің білімін тексерумен қатар, ой-өрісті кеңейтуге мүмкіндік береді.