ШҚО-да кәсіпкерлерде бес жыл бойы кәсіпкерлік нысандарына кірме жолдар болмаған

437
көрілім

ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне бір топ кәсіпкерлерден кәсіпкерлік нысандарына кірме жолдар ұйымдастыруға жәрдем көрсету туралы өтініш келіп түсті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
2019 жылдан бастап кәсіпкерлер өздерінің коммерциялық нысандарына кірме жол ұйымдастырып беру туралы уәкілетті органдарға бірнеше рет жүгінгенімен бұл мәселе шешімін таппаған.    
ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, уәкілетті органдар мен мүдделі тұлғалардың қатысуымен отырыс ұйымдастырды. Нәтижесінде кәсіпкерлердің коммерциялық объектілерге кірме жолдарды қамтамасыз ету жөніндегі талаптарын қанағаттандыру туралы шешім қабылданды.