ШҚО-да қоңыр аюдың саны өсіп келеді

260
көрілім

Өңірімізде бірқатар аңдардың саны өскен, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Бұл жайлы бүгін ШҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингі барысында облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Мұрат Құсайынов айтты.

- Биыл аймақтағы қоңыр аю - 4,1%-ға,тұяқтылар - 5,9%-ға, жабайы құстар - 17,2%-ға, мүйізді жануарлар саны - 5,4%-ға артқан, - дейді ол. - Жалпы өңірімізде 379 құстың, 110 сүтқоректі аңдардың түрі бар.