ШҚО-да ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған облыстық турнир өтті

297
көрілім

2019 жылы 29 қараша күні Қасым Қайсенов кентінің, «Модуль» спорт кешенінде ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған дзюдо күресінен 2006,2007,2008 жылы туылған жасөспірімдер арасында облыстық турнир өтті, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Жарысқа ШҚО-ның 11 аудан командаларынан барлығы 164 спортшы қатысты. Жарыс елінің егемендігін, ынтымағын, тұтастығы мен бірлігін ойлаған, ұрпақтың саналығына мән берген, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері, тәуелсіз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың құрметіне арналды.

Ұлан ауданы әкімінің орынбасары Кенжетаева Ләзиза Карлқызы дзюдо күресінен спорт шеберлігіне үміткер, ҚР чемпионатының қола жүлдегері Жібек Жақсыбайқызын 27-29 қараша аралығында Өскемен қаласында өткен КСРО спорт шебері Марат Чегеевті еске алуға арналған Халықаралық турнирдің қола жүлдегері атануымен құттықтап бағалы сыйлықпен марапаттады.

Жарыс нәтижесі бойынша Ұлан ауданының қоржынына келесідей орындар бұйырды:

29 келі салмақ дәрежесінде

2 орынға – Кусметов Таир

3 орынға – Қайратов Асанәлі

3 орынға – Бекқазин Жасұлан

32 келі салмақ дәрежесінде

3 орынға – Жеңіс Досбол

50 келі салмақ дәрежесінде

3 орынға – Алтайхан Нұрбол

66 келі салмақ дәрежесінде

3 орынға – Нұрқасым Асқар

+73 келі салмақ дәрежесінде

3 орынға Құсаинов Мади ие болды

Ұлан ауданының әкімі Нұрымбет Сақтағанов жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін тиісті дәрежедегі Дипломдармен, медальдармен марапаттады.