ШҚО-да мұз жару жұмыстары жүргізілуде

145
көрілім
Фото сурет ШҚО ТЖД

Өңірге қарасты бірқатар ауданда өзендерде мұз кептелуінің алдын алуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Су тасқынына қарсы іс-шаралар шеңберінде Алтай ауданында Бұқтырма өзені мен Марқакөл ауданына қарасты Қара Ертіс өзенінде мұз жару жұмыстары жүргізілді. Аталған учаскелердегі жарылыс жұмыстарының жалпы ауданы 26500 шаршы метрді құрады.

"Бұл жұмысты жергілікті атқарушы орган құтқарушылармен бірлесіп жүргізуде. Жүргізілген жұмыстар өзен арналарының су өткізу қабілетін арттыруға, еріген су мен мұз түйіршіктернің кедергісіз өтуіне мүмкіндік береді. Жалпы облыс аумағындағы су тасқыны тәулік бойы бақылауда, - дейді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Қуатбек Кенжебекұлы.