ШҚО-да офицерлер Балаларды қорғау күні қарсаңында әскерилердің отбасыларына қолдау көрсетті

330
көрілім

ҚР Ішкі істер министрлігінің Шығыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы офицерлері әскери қызметкерлердің балаларын арнайы құттықтап, әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға қолдау көрсетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

– Олардың ішінде мүмкіндігі шектеулі балалар, жалғызбасты аналар және тұрмысы төмен отбасылар бар. Яғни, біз шынымен қоғамнан әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға баса назар аударып, онда тәрбиеленіп жатқан балаларды мерекелерімен арнайы құттықтап, көмек қолын созуды жөн көрдік. Себебі балалар біздің ертеңгі болашағымыз, - дейді Шығыс өңірлік әскери-тергеу басқармасының бастығы полковник Мұхамед-Қали Қарсыбеков.

Әскери-тергеу басқармасының офицерлері Семей гарнизонына қарасты әскери бөлімдерде қызмет етіп жүрген 10 әскери қызметкердің отбасына көмек көрсетті.

Тәттілермен қоса азық-түлікке толы балаларға арналған базарлық қорабы тек кішкентайларды ғана емес, ата-аналарын да қуантып тастады. Полковник Мухамед-Кали Карсыбеков балаларға бақытты балалық шақ, ұмытылмас сәттер және зор денсаулық пен жарқын болашақ тіледі.