ШҚО-да «Өңірлік тәжірибе, мәселелер мен болашағы» атты форум өтті

200
көрілім
фото сурет автордікі

Облыс орталығында білім беру мен ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары «Өңірлік тәжірибе, мәселелер мен болашағы» атты облыстық форум өткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Форумда ата-аналарды қолдау жұмыстарын әрі қарай дамыту  және баламен қарым-қатынастың маңыздылығы, олардың өмірде тұлға болып қалыптасуын, өмірге деген құлшыныстарын арттыру мақсатында алатын біліммен, беретін тәрбиенің орасан зор мәнге ие екендігі сөз етілді. Бұдан бөлек, дамыту мақсатында ұлттық және отбасылық құндылықтардың сақталуын насихаттау үлгілері, ата-аналарды педагогикалық қолдаудың әдіс-тәсілдері және ұлттық құндылықтар туралы да  сабақтар өткізілді.

«Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми практикалық институтының жетекші маманы Еркінбек Аязбаевтың сөзінше, биылғы жаңа оқу жылынан бастап білім саласында біртұтас тәрбие бағдарламасы енгізілді.

- Мектеп пен  ата-аналардың қарым-қатынасын дамыту, сол жолда балаларға дұрыс тәрбие мен білім беру көзделіп отыр, - деді маман. - Бұдан бөлек, облысымыздағы мектептерде педагогикалық қолдау орталықтары ашылып, жұмыс істеп жатыр. Институт мамандарының жасаған әдістемелік нұсқаулықтарының көмегімен қазіргі таңда мектеп жасындағы оқушыларға арналып 1-4 сынып, 5-9 және 10-11 сынып ата-аналарына арнайы сабақтар беріліп отыр.

 

Бұл нұсқаулыққа қосымша ретінде Даналық мектебі, Әкелер мектебі, Әжелер мектебі сияқты шаралар ұйымдастырылуда.

Ондағы негізгі мақсат - оқушылар мен ата-аналардың салауатты өмір салтын ұстанып, білімін арттыру ғана емес, қауіпсіздіктерін қамтамасыз етіп, балалар арасындағы зорлық-зомбылықтың  болмауын, түсінбестіктен туындаған мәселелердің ушықпауы үшін тиісті жұмыстар жүргізу.

 

Нұрдәулет Қалибеков