ШҚО-да ораза ұстаған халыққа Президент атынан ауызашар берілді

59
көрілім
Шығыс Қазақстан облысында Рамазан айында ауыз бекіткен халыққа Президент атынан ауызашар берілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 
 
Өскемен қаласындағы Халифа Алтай атындағы ШҚО мешітінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан 290 жамағатқа ауызашар берілді.
 
«Баршаңызды Рамазан айының басталуымен құттықтаймын. Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын. Бүгін қасиетті мерекеде «Халифа Алтай» орталық мешітінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы атынан көпшілікке арнап ауыз ашар беріп отырмыз. Сіздерге рухани күш-жігер, жарқын көңіл, зор денсаулық, бақ-береке, табыс тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, бірлігіміз бен берекеміз арта берсін», – деді Ермек Көшербаев.
 
Ауызашарда мешіттің бас имамы Ермек Мұқатай жиналған көпшілікті қасиеті Рамазан айында ұстаған оразаның қабыл болуына тілек білдіріп, жамағатқа арнап оразаның пайдасы мен ұстау қағидалары жөнінде уағыз айтты.