ШҚО-да саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

731
көрілім

Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапханада өткен шара кезінде аштық туралы кітап табысталып, репрессия жылдарының облысқа қалай әсер еткені кеңінен айтылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Алдымен шара қонақтары, қоғам белсенділері мен тарихшылар осыдан бірнеше ғасыр бұрын қазақтар санының кемуіне себепші болған жайттарға тоқталды. Соның ішінде профессор Маратбек Ақанов байларды тәркілеуден бастап, екіншідүниежүзілік соғыс, ең соңында «Желтоқсан көтерілісінің» жұртты тоздырып жібергенін баса айтты.

– 1959 жылы қазақтардың саны 2 млн 784 мың ғана адам болды. Яғни, Қазақстандағы халықтардың 30 пайызын ғана құрады. Қазір, егемендік алған уақытта 75 пайызға жеттік. Сонда неге бәрі қазақтарға шүйлікті деп ойлаймын. Сөйтсек, біздің Ресеймен шекарамыз өте ұзын. 7500 шақырымнан асады. Бос жатқан жерге әрбірінің көзі түседі. Бұл да шиеленіске бастайтын жол. Осы ретте облыс бойынша мынадай сандарды сөйлеткім келеді. 1937-39 жылдары Шығыс Қазақстан өңірі бойынша (Семей жақты қоспағанда) 2212 адам репрессияға ұшыраған. Мұны аудандарға бөлсек, өз алдына жеке ақпарат, – деді Маратбек Қамзаұлы.

Шара соңына таман «Respublica» партиясы ШҚО филиалы басшылығы Сара Кэмеронның «Аштық жайлаған дала» атты кітаптарын табыстады. Кезекті тарихи-деректі кітап қалалық кітапхана қорын толықтырды.

Әділхан ЕСІМХАНОВ