ШҚО-да сайлау күні 100-ге толған соғыс ардагері дауыс берді

108
көрілім

Шығыс Қазақстан облысында дәл бүгін 100-ге толған соғыс ардагері дауыс берді.

Анастасия Светочева 20 қараша күні жүз жасқа толып отыр. Мерейтойында ол конститутциялық құқығын пайдаланып сайлауда дауыс берді.

Соғыс ардагері үйде отырып өз дауысын берді. Кейуана әлі күнге дейін тың, жігерін жоғалтпаған.

«Сайлау бәріміз үшін маңызды. Қазақстан – біздің ортақ үйіміз. Елдің болашағы үшін әрқайсымыз жауаптымыз. Мемлекетіміздің қандай жетістіктерге жетіп жатқанын көріп отырмыз. Бірақ бұл бастамасы ғана деп сенемін», - дейді Анастасия Павловна.

Анастасия Светочева I дәрежелі «Отан соғысы» орденінің иегері. 1942 жылы мамырда оны Октябрь әскери комитеті Кеңес Армиясының қатарына қосты.

Ленинград қаласындағы 26-шы жеке Қызыл Ту байланыс полкінде қызмет еткен.

Ол Ленинградты қорғау және қоршауды бұзу шайқасына қатысты. Соғыстан кейін туған жері Шығыс Қазақстанға оралып, өмір бойы еңбек етті.