ШҚО-да «Стоп-трафик» жедел алдын алу шарасы барысында үш притон анықталды

530
көрілім
Шартты фотосурет

Қыркүйек айының 19-24 аралығында өңір аумағында жүргізіліп жатқан «Стоп-Трафик» республикалық жедел-алдын алу шарасы шеңберінде полицейлер еңбек және сексуалдық қанау фактілерін анықтау мүмкіндігі жоғары орындарға тексеріс жүргізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Нақты айтсақ, қонақ үйлер мен ойын-сауық мекемелерін, монша кешендері және басқа да әртүрлі объектілер тексерілді. Соның нәтижесінде әкімшілік Семей және Өскемен қалаларының сауналарында жеңіл жүрісті қыздардың жезөкшелікпен айналысуына жеңгетай болып, притондарды ұйымдастыру арқылы қосымша заңсыз табыс тауып келгендігі анықталды.

- Осындай қызмет көрсеткені үшін жезөкше тапқан табысының 30%-ын сауна әкімшісіне «сыйақы» ретінде беріп отырған. Барлық фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 309 – бабы-жеңгетайлық бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, аталған адамдарға қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

Сонымен қатар интимдік қызмет көрсететін әйелдердің өздері арнайы есепке алынды.