ШҚО-да сүт безі обыры туралы ақпараттандыру айлығы өтіп жатыр

432
көрілім

Бүкіләлемдік сүт безі обыры туралы ақпараттандыру күніне орай облыстық Онкология және хирургия орталығында журналисттер үшін арнайы баспасөз отырысы, өңірдегі жағдай туралы баяндама жасалды. Мамандардың сөзінше биыл онкологиялық аурулардың ішінде сүт безі обыры аймақта екінші орынға жайғасқан. 

Мамандардың сөзінше сүт безі қатерлі ісігі білінбей, алайда тез таралатын дерттердің қатарында. Обырдың алдын алу мақсатында дәрігерлер алдын ала скринингтен өтуге кеңес береді. Тұрғылықты жері бойынша тіркелген емханаларда скринигтен өтуге шақырту алғанда бір сағат уақыт тауып бару әр әйелдің өз денсаулығына деген жауапкершілігін көрсетеді дейді ШҚО ӘМСҚ басшысы Ғалымжан Әбілов. Оның үстіне аталған диагностикалық шаралар толығымен МӘМС пакетіне енген, яғни толығымен тегін. 
Мамандардың сөзінше дерт ертерек анықталса, оның емін жасауға болады. Яғни аурудан айығу үшін омырауды  алып тастаудың қажеттілігі болмайды, тіпті солай болған жағдайда оны қайта қалпына келтіруге болады. Бастысы уақытында дәрігерге қаралу. Бүл бағытта Орталықта қазір замануи құрал-жабдықтар да бар, білімдерін ұдайы жетілдіріп отыратын мамандар да бар дейді облыстық бас онкологы Гулмира Сагидуллина.
«Жыл сайын аймағымызда 300-ге жуық сүт безі обырының жағдайлары тіркеліп отырады. Мәселен, дер кезінде анықталыпемге жүгінген, яғни аурудың 1-ші, 2-ші деңгейінде бұл ауруды емдеуге мемлекет шамамен 400 мың теңгедей жұмсайды. Ал енді ауруын асқындырып келген, 3-ші стадиясында ем-домның құны бюджетке 20 миллион теңгеге жетіп отыр. ШЫғынның мұндай айырмашылығы қымбат сәулелік химия және таргеттік терапияда болып отыр», - деді журналистерге Гульмира Сагидуллина.
Сондықтан, сөзсіз әр әйелдің өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, уақытында скринигтен өтіп туруға шақырамыз дейді дәрігерлер.