ШҚО-да тасжолда үш көлік соқтығысып қалды

285
көрілім

Тасжолдың үстінде қатты соққыдан қираған көліктерді куәгерлер көріп, бейнекамераға түсіріп алған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


Әлеуметтік желіде Осинов асуы ауданының маңындағы «Өскемен – Алтай» тасжолында болған жол апатының бейнематериалы тарап кетті. Куәгерлердің айтуынша, жол ортасында бұзылған жеңіл көлік пен аударылып қалған екінші көлікті байқауға болады. Үшінші көлік жол шетіне шығып қалған.
Полиция департаментінің қызметкерлері жол апатын растап отыр.
– Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, көлік қақтығысы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында тиісті мамандар жұмыс істеуде, – деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әйгерім Нұрғазина.