ШҚО-да тоғыз перзентхананы қайта жабдықтау жоспарлануда

295
көрілім

ШҚО-да 9 перзентхана қайта жабдықталатын болды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

- Облысымызда жаңа туатын сәбилердің 80 пайызы Өскемен және Семей қалаларында тіркеледі. Алыс елді мекендерде тұратын жүкті әйелдер осы екі орталыққа келуге мәжбүр болады. Бұл жақсы нәтиже әкелмейді. Сондықтан ағымдағы жылы облыс аумағындағы 5 перзентхана және аудан орталықтарындағы 4 перзентхана бөлімдері қайта жабдықталатын болды, - деді Даниал Кенжетайұлы.

Сондай-ақ аймақ басшысы перзентханалар ең жаңа технологиялармен жабдықталатынына сендірді.