ШҚО-да тұман түседі

416
көрілім
Шартты фотосурет

Солтүстік-батыс циклоны ел аумағы арқылы жылжи отырып, еліміздің солтүстік бөлігінде қар жаууы мүмкін, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Республиканың кей жерлерінде тұман түседі. Ақмола, Қостанай облыстарында - тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Түнде желдің екпіні 23-28 м/с жетеді.
Павлодар облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады.
Синоптиктер болжамынша, ШҚО-ның кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасын соғады. Көктайғақ болып, жел екпіні күндіз 25 м/с дейін күшейеді.