ШҚО-да тұман түседі

625
көрілім
Шартты фотосурет

Республика аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктер болжамынша, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлеріне тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 м/с-ге жетеді.

ШҚО-ның кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз көктайғақ болады. Таңертең және күндіз жел екпіні 15-20 м/с болып, Жарма ауданында екпіні 25 м/с-ға дейін барады.