ШҚО-да тұман түседі

265
көрілім
Шартты фотосурет

Бүгін еліміздің басым бөлігі ауқымды антициклон ықпалында болатындықтан жауын-шашын жаумайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Тек елдің оңтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында фронттардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында және тау бөктерінде қалың қар жауады.

Елдің оңтүстік-шығысында көктайғақ болып, жаяу бұрқасын көтеріледі. Түркістан облысының солтүстігінде, батысында және таулы аудандарында жел екпіні 23-28 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында жаяу бұрқасын көтеріліп, тұман түседі деп болжануда.