ШҚО-да тұман түседі

385
көрілім
Шартты фотосурет

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел екпіні күшейіп, кей аймақтарда жаңбыр күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Сондай-ақ, Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың әсері сақталады. Осыған байланысты бұл өңірлерде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады.

Республика бойынша кей жерлерде жел күшейіп, түнде және таңертең солтүстік-шығыста, солтүстікте тұман түседі.

Қызылорда, Түркістан, Абай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталып, Шығыс Қазақстан облысының кей аудандарында тұман түсуі мүмкін.