ШҚО-да тұман түседі

355
көрілім

Атмосфералық фронттардың әсерінен ел аумағының кей жерлерінде қар жауып, шығыс-солтүстік өңірлерде күн құбылмалы болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Бірқатар өңірлерде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады, жел күшейеді. Жамбыл, Ақмола облыстарының кей жерлерінде бұрқасын көтеріліп, жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Синоптиктер Шығыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі деп болжауда.