ШҚО-да тұман түсуі күтіледі

321
көрілім

«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің хабарлауынша, ел аумағының басым бөлігіне антициклон әсер етіп, осыған байланысты жауын-шашын болмайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Десе де мамандар еліміздің батысы мен оңтүстігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, батыста найзағай ойнап, жауын-шашын болады деп болжауда.

Республика бойынша кей жерде тұман түсіп, жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында түнде және таңертең тұман түсуі күтіледі.