ШҚО-да түйіршіктелген жоңышқа өндіретін зауыт салынбақ

494
көрілім
Шартты фотосурет

Облыс көлемінде 6,27 миллиард теңгенің жобасын іске асыру жоспарланған. Бұл туралы аймақ әкімдігінде айтылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Барлығы сәтімен болса жоңышқа өсіру қолға алынып, зауыт құрылысы басталмақ. LS сайты мәліметке сүйенсек, зауытта түйіршіктелген жоңышқа өндіруді басшылыққа алынбақ. Жобаның жалпы құны – 6,27 миллиард теңге деп бағаланды.
Әкімдіктегілер бес гектар аумақты қамтитын өндіріс базасы әзір екендігін жеткізді. Сонымен қатар екі мың гектар аумаққа ие суармалы жер бар.
– Шетелдік инвесторлармен инвестициялық келісімшартқа қол қойылды. Жобалық жұмыстар жүргізілуде, – деді облыс әкімдігіндегілер.
Өндірісті қолға алу келесі жылға жоспарланған. Шамамен 80 жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
Айта кетейік, осындай кәсіпорынды Қызылорда облысында салу жоспарланған еді. Тағы бір тоқталар жайт, Шиелі ауданында жоба құны 4,5 миллиард теңгеге бағаланған қапталған күйдегі жоңышқа өндірісі қолға алынуы мүмкін.
Шығыс Қазақстанға келсек, әзірге зауыттың нақты қай жерге салынатыны белгісіз.