ШҚО-да жарақат алған "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының жеті сарбазы қызметіне кірісті

581
көрілім

Осыған дейін Өскеменде болған жаппай тәртіпсіздік кезінде ҰҰ "Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты 19 ұландықтың жарақат алғаны жайлы ақпарат ұсынылған болатын, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Түрлі дәрежедегі жарақат алғандардың 11-і Семейдегі 5511 әскери бөлімінің жауынгерлері. 

- Өскемен қаласы бойынша жеті әскери 6699 әскери бөлімінен, бір әскери 3477 әскери бөлімнен. Қазіргі таңда жараланған 19 әскеридің жетеуі қайта сапқа тұрып, жауынгерлік қызметіне кірсті. Қалғаны түрлі ем шараларын қабылдап жатыр, - делінген «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі ұсынған мәліметте.