ШҚО-да жел екпіні күшейеді

314
көрілім

Еліміздің басым бөліндегі ауа райына Кар теңізі аймағынан келетін циклон ықпал етеді. Кей жерлерде жаңбыр жауады, шығыс және оңтүстік-шығыста найзағай ойнап, солтүстікте бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Еліміздің батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша кей жерлерде тұман сақталады, оңтүстік-батыста желдің күшеюі шаңды дауылмен күтіледі.

Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында желдің күшеюі 15-20 м/с сақталады, екпіні 25 м/с, кей жерлерде найзағай түсуі күтіледі.

Ақмола облысының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с сақталады, түнде және таңертен екпіні 23 м/с, түнде және таңертен тұман күтіледі, кей жерлерле бұршақ жаууы ықтимал.