ШҚО-да жел екпіні күшейеді

431
көрілім
Шартты фотосурет

Бүгін еліміздің батысында, орталығында және шығысында фронттардың ықпалымен тұрақсыз ауа райының сақталуына байланысты кейбір облыстарда жаңбыр жауады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Елдің орталығында және шығысында аздаған жауын-шашын жауады деп болжануда. Республиканың солтүстігінде және солтүстік-батысында тұман түседі. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел екпіні 18-23 м/с дейін күшейеді.

Синоптиктер болжамынша, Шығыс Қазақстан облысының шығысында, күндіз оңтүстік-батысында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облысының солтүстік-батысында 15-20 м/с дейін күшейеді.