ШҚО-да жел екпіні күшейеді

263
көрілім
Шартты фотосурет

Республика аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Тек батысында, елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы аудандарында атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
Еліміздің батысында, солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында желдің күшейіп, оңтүстік-батысында және оңтүстік шығыстың таулы аудандарында тұман түседі.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, оңтүстік-батысында жылдамдығы 25 м/с жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының бірнеше ауданында желдің күшеюі сақталады - 15-20 м/с деп болжануда.