ШҚО-да жел күшейеді

362
көрілім
Шартты фотосурет

Бүгін ел аумағының басым бөлігіне әлі де атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Бірқатар өңірлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, сондай-ақ бұршақ, дауыл күтіледі.
Еліміздің солтүстігінде, оңтүстігінде көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі.
Шығыс Қазақстан, Алматы облысының таулы аудандарында жел екпінінің 25 м/с күшеюі күтіледі.
Күндіз Павлодар облысының таулы аудандарында бұршақ, дауыл, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығыында, таулы аудандарында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.