ШҚО-да жеңіл көлік пен КамАЗ соқтығысты

230
көрілім

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 21 тамыз күні «Өскемен-Алтай» тасжолында болған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жол апаты салдарынан үш адам зардап шекті. Екі адам жедел жәрдем қызметіне жүгінді. «Toyota» маркалы автокөлік жүргізушісіне алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, бірінші қалалық ауруханаға жеткізілген.

Белгілі болғандай, ер адамға мойын жарақаты диагнозы қойылды.

Жол-апатының себеп-салдары анықталу үстінде.