ШҚО-да жоғалған бала іздестірілуде

324
көрілім

Алтай ауданында екі күннен бері 2017 жылы дүниеге келген бүлдіршін іздестірілуде. Бала өз үйінің ауласынан жоғалған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Оқиға орнында құтқарушылар, полицейлер, еріктілерден тұратын 200 адам іздеу жұмыстарымен айналысуда. Барлық ой-шұңқыр мен бұта арасы мұқият қаралуда. Басты қауіп төндіріп тұрған үйдің іргесіндегі Березовка өзені.

– Өскеменнен арнайы кинолог мамандар келген. Әуеден бақылап іздеу үшін квадрокоптер де пайдаланылуда. Құтқарушылар өзенді ағысымен және ағысқа қарсы сүзіп өтіп шықты. Су ағысынан төмен 5 шақырым жерде мобильді топ құрылған, – дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Іздестіру жұмыстарына жеке құрамдағы Төтенше жағдай қызметінің 24 маманы, 4 арнайы іздеу иттері, 6 бірлік техника жұмылдырылған. Алтай аудандық полиция бөлімі мен орман шаруашылығының қызметкерлері, соған қоса жергілікті тұрғындар да атсалысуда.