ШҚО-да жол апатынан екі адам көз жұмды

669
көрілім

Семей-Қайнар тасжолының 378-ші шақырымындағы жол апаты қазан айының 7-сі күні болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Полиция департаментіндегілердің айтуынша, Volkswagen мен Daewoo көліктері соқтығысқан.

- Жол-көлік оқиғасы салдарынан Daewoo көлігінің 30 жастағы жүргізушісі мен 63 жастағы жолаушы оқиға орнында тіл тартпай кетті. Бұдан бөлек, түрлі дене жарақаттарымен Volkswagen көлігінің 49 жастағы жүргізушісі мен Daewoo мәшинесінде отырған 2003, 2004 жылдары туған жолаушылар ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық Кодесінің 345 бабы, 4 бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, - делінген мәліметте.

Қазіргі уақытта жол апатының себебі анықталуда.

- Мұның негізгі себебі, жылдамдықты асыру, қарсы жолаққа шығып кету, жол жүру ережесін бұзу болуы мүмкін, - дейді Полиция департаментіндегілер.