ШҚО-да жол сапасынан кемшіліктер табылды

354
көрілім
Шартты фотосурет

«Сапалы жол» жобасы аясында ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Ұлттық жол активтері сапасы орталығының өкілдерімен бірлесіп республикалық маңызы бар Өскемен – Семей – Нұр-Сұлтан жолының құрылысына рейд жүргізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша Департаментіне сілтеме жасап.

Мониторинг көрсеткендей, аталған бағыттағы жолдың құрылысы асфальтбетонды жабын қабатының қалыңдығы сақталмай, талапқа сай емес жүргізілгені анықталды. Жоспарға сәйкес жол төсемінің қалыңдығы 12 см-ді құрауы тиіс болса, факт бойынша 6 см-ді ғана құраған.

– Жолдарды жөндеу және салу кезіндегі мұндай кемшіліктер жол сапасына кері әсер етеді. Бірінші кезекте мердігер ұйымдар жол төсемінің ұзақ уақыт сақталу мерзімі құрылыс сапасына байланысты екенін түсінуі тиіс, – дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша Департаментінің басқарма басшысы Ренат Нәбиев.

Жыл басталғалы талдау үшін сынама алу арқылы 61 іс-шара өткізіліп, нәтижесінде 31 жағдайда бұзушылықтар анықталды. Яғни әрбір екінші жөндеу немесе жол құрылысы әр түрлі бұзушылықтармен жүргізілген.